АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПАСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚТАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ҚҰРБАН ШАЛУДА (+ВИДЕО, ФОТО)

Атырауда күллі мұсылман қауымның ең ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт әдеттегідей таңғы сағат 7.00-де айт намазынан басталды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

https://www.youtube.com/watch?v=FzxL3GtxKGY

Орталық «Иманғали» мешітінде, қала, аудан, ауылдарда бір мезгілде санитарлық талаптарды сақтай отырып оқылған Айт намазы 10 минутқа созылды.

img 1684 1536x1024 1

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы аймақ жұртшылығын ұлық мерекемен құттықтап, ел амандығы үшін дұға жасады.

«Құрбандық шалудағы негізгі ниет – Алланың разылығы. Құдай тек тақуа құлдарының құрбанын қабыл алады. Қасиетті Құранның «Кәусар» сүресінде «Тек Раббыңның разылығы үшін намаз оқып, құрбан шал» делінген. Бұл оның Алланың бұйрығы ретінде (жағдайы барларға) уәжіп екенін білдіреді» деп атап өтті Бас имам.

snimok1 1
img 20210720 wa0088

Айт намазынан соң, Атырауда құрбан шалу рәсімі басталды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен Қайрат Нұрлыбаев қаладағы «Асыл Агро» және «Тума» мал базарларын аралап шықты. Сөйтіп, мұнда барлық санитарлық талаптар қатаң сақталғанына көз жеткізді.

Мұнда қой 50-150 мың теңге, ал, сиыр 150-450 мың теңге аралығында сатылуда.

snimok2 1
сиыр
snimok 1 1

Өз кезегінде Бақытгүл Қайыржанқызы тұрғындарға сақтық шаралары аты жаман аурудың алдын алу үшін жасалып жатқанын жіті түсіндірді.

— Қалай болғанда да, қазір ең басты мақсат та, міндет те – халықтың денсаулығын сақтау. Себебі, жер жүзін жайлаған жұқпалы дерт ешкімді де аяп жатқан жоқ. Күні кеше ғана аурухана төсегінде ажалмен арпалысып жатқан жандардың жай-күйін өз көзіммен көрдім. Аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың қаншалықты күрделі екенін күнделікті жаңалықтардан да естіп-біліп отырсыздар. Сондықтан, осынау сын сәтте бір-бірімізге жанашырлық танытып, бас санитариялық дәрігер нұсқамасын бұлжытпай орындап, бетперде киіп, арақашықтықты сақтап жүрейік, ағайын! — деді ол.

img 20210720 wa0090
img 20210513 wa0047 750x450 1

Тұрғындардың көпшілігі былтыр іске қосылған «qurban2021.kz» сайты арқылы онлайн, яғни, қашықтықтан құрбан шалды. Таңғы мезгілдің өзінде тұрғындар тарапынан жүзден аса тапсырыс беріліп, құрбандық малы шалынды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Бейнежазба: Манарбек МАЙШАГИРОВ

Сурет: Әнуар Әбілғазиев және «Amin.kz» сайтынан алынды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button