АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атыраулықтар тұрмыстық қалдықтарға тұншығуда… (+ВИДЕО)

Рұқсат етілмеген жерлерге тұрмыс қалдықтарын тастағандар жауапкершілікке тартылуда, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

https://www.youtube.com/watch?v=4ygQBM1Ua9c

Облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары қала тұрғындарының рұқсат етілмеген жерлерге  құрылыс және тұрмыс қалдықтарын тастағанын анықтауда.

Мысалы, 30 наурыз күні сағат 09:00 шамасында №6 учаскелік полиция бекетіне сол аумақтың тұрғыны келіп, белгісіз адамның автокөлігімен келіп, Химпоселок м/а, Жәнібек Хан көшесі бойында орналасқан қоқыс контейнерінің жанына үлкен көлемде үйден шыққан тұрмыс қалдықтарын тастап кеткені туралы шағымданған.

Аталған шағым бойынша учаскелік полиция инспекторлары жедел түрде іздестіру шараларын жүргізіп, рұқсат етілмеген жерге үлкен көлемде тұрмыс қалдықтарын төккен “Газель” автокөлігін анықтап, оның 27 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабымен (қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, төгіп-шашқан қоқысты қайта жинап алу міндеттелді.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері дәл осындай әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 700 жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Атырау қаласы Полиция басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын қоршаған орта нормативтерін сақтауға шақырады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button