COVID-19АТЫРАУДА

COVID-19: КВИ жұқтырған 500 атыраулық үйлерінде емделуде

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекция жұқтырған 64 науқас анықталды, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қауіпті індет Атырау қаласынан 44, скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 11 адамнан анықталған.

Сондай-ақ, Жылыой ауданынан 1, Қызылқоға ауданынан 2, Махамбет ауданынан 5, Исатай ауданынан 1  адамнан коронавирус инфекциясы табылды.

Коронавирустық инфекциясы бар 26 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 37 науқас сауығып шықты.

Қазіргі уақытта 500 адам үй жағдайында, 169 – модульдік ауруханада, 63 – аудандық инфекциялық стационарларда емделуде. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 234 адам ем алып жатыр.

Айта кетейік, Атырау облысы – коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.

СТАЦИОНАРЛАР ЖҮКТЕМЕСІ:

  • 6 сәуірдегі жағдай бойынша, коронавирус індетіне шалдыққан 466 адам инфекциялық стационарда ем алып жатыр.
  • Жүктемесі 25,1% (1993 төсекке) құрайды.
  • Жансақтау бөлімінде 18 науқас ем алуда, олардың 3-і Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
  • Жүктеме 21,1 % (71 төсекке) құрайды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button