Теңіз кенішінен 135 жұмысшы Батыс Қазақстан облысына демобилизациянуы керек болатын.
Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде қызмет ететін басқа өңірдің тұрғындары ПТР-тестілеуден тұрғылықты мекен-жайында өтуі тиіс. Және сәйкесінше сол өңірде карантиндік стационарға оқшаулануы қажет еді.
Алайда бүгін Теңіз кенішіндегі 135 жұмысшы үшін Батыс Қазақстан облысындағы карантиндік стационарда бос орынның жетіспейтіндігі белгілі болды.
Сол себепті, Теңіз кенішінің басшылығы батыс қазақстандық 135 жұмысшыны Атырау қаласына екі күнге уақытша орналастыруға шешім қабылдады.
БҚО карантиндік стационарларда орын босағасын, өз өңіріне жеткізілетін болады.