АТЫРАУДА КАРАНТИН РЕЖИМІ ЖАЛҒАСАДЫ

5e8b46d494ea9487805120
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша, 11 мамыр күні Атырау қаласында карантин режимі толықтай сақталады. Облыс орталығының периметрі бойынша орналасқан блокпосттар да жұмыс істеуін жалғастырады. Бұрын қабылданған кіріп-шығу ережелері сақталып, жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі.
Бас санитарлық дәрігер тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин ережелерін сақтауды жалғастыруға шақырды.
Қазіргі уақытта Атырау маңына 4 блок-бекет қойылған.

Сонымен қатар, Атырау қалалық әкімдігі қоғамдық көліктер қозғалысы туралы хабарлама жасады. 11 мамырдан бастап сағат 17:00-20:00 аралығында 26 бағыт бойынша қаладағы барлық қоғамдық көліктер жұмыс жасайды.

Қоғамдық көліктердің әрі қарайғы жүру кестесі төмендегідей:
Таңғы сағат 07: 00-ден 10: 00-ге дейін;
кешкі сағат 17: 00-ден 20: 00-ге дейін.