АТЫРАУДА

БҚО 135 ЖҰМЫСШЫСЫ АТЫРАУДАҒЫ КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРҒА ОРНАЛАСУҒА МӘЖБҮР БОЛДЫ

Теңіз кенішінен​ 135 жұмысшы Батыс Қазақстан облысына демобилизациянуы керек болатын.​

Атырау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Теңіз кенішінде қызмет ететін басқа өңірдің тұрғындары ПТР-тестілеуден тұрғылықты мекен-жайында өтуі тиіс. Және сәйкесінше сол өңірде карантиндік стационарға оқшаулануы қажет еді.

Алайда бүгін Теңіз кенішіндегі​ ​ 135 жұмысшы үшін Батыс Қазақстан облысындағы карантиндік стационарда​ бос​ орынның жетіспейтіндігі белгілі болды.

Сол себепті, Теңіз кенішінің басшылығы батыс қазақстандық​ 135 жұмысшыны Атырау қаласына екі күнге​ уақытша орналастыруға шешім қабылдады.​

БҚО карантиндік стационарларда орын босағасын, өз өңіріне жеткізілетін болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button