Діни материал таратқан атыраулықтардың әлеуметтік парақшасы бұғатталды

by Depti
0 views

Атырау облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, Атырауда жыл басынан бері осындай 35 дерек тіркеліп отыр.

Мәселен, жергілікті азаматша дәстүрлі емес діни ағым сипатындағы суреттер мен бейнежазбаларды орналастырып отырғаны анықталды. Арнайы тексеріс жүргізіліп, ҚР ӘҚК-нің 453-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылды. Нәтижесінде, айыпталушы 38 892 теңге айыппұл арқалады.

Тағы екі тұрғын «ВКонтакте» желісінде діни әдебиеттерді таратумен айналысқан. Оларға 92 785 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, үш айға «ВКонтакте» парақшалары бұғатталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com