ДҮКЕНДЕГІ СҮТ ӨНІМДЕРІНЕН БІРҚАТАР ТАЛАПҚА САЙ КЕЛМЕУШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

by Depti
0 views

Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті 2020 жылдың қаңтар – тамыз аралығындағы  өнім қауіпсіздігіне  жүргізілген мониторинг шеңберінде  133 сүт және сүт өнімдерін сатып алып, оларды халықаралық талаптарға сай сараптамадан өткізді, – depti Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Жәмиля Тұрлан.

Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша сатып алынған өнімнің 31-і (23,3%) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеді, 25-інде сынамадан физика-химиялық көрсеткіштер және 6 өнімде сынамадан таңбалануы бойынша сәйкессіздіктер анықталған. 31 сәйкессіздік анықталған өнімнің негізгі үлесі импортталған өнімдерге тиесілі.

           Анықталған бұзушылықтар бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы 16 нұсқама беріліп, міндетті түрде жою тәртібі түсіндірілді.

            Мониторинг қорытындысымен 24,79 кг. сәйкессіз өнім саттықтан алынып, қайтарылды.

Сатуға арналған сүт өнімдерінің сыртқы қорабында өнімнің тауар белгісі, таза салмағы, өнімнің құрамы, партиясының нөмірі, сондай-ақ дайындау және жарамдылық мерзімі болуы тиіс.

Дүкен сөрелерінде сәйкес келмейтін өнімдер табылған жағдайда, сіз Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (Атырау қаласы, Гурьев к-сі, 7а) немесе оның аумақтық департаменттеріне жазбаша түрде хабарлай аласыз.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com