АТЫРАУДА

ЕКІ ЖЫЛДАН БЕРІ ҚАШЫП ЖҮРГЕН АЛАЯҚ ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ҚОЛЫНА ТҮСТІ

Атырау полицейлері 2018 жылдан бері іздеуде жүрген алаяқтық қылмысқа күдікті 35 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді, – depti Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

2018 жылы қараша айында полицияға арызданған азамат қаладағы тегершік жөндеу орталықтарының бірінде өзі дұрыс танымайтын азамат келіп, көлік және контейнер сатамын деп сеніміне кіріп, арыз иесі мен оның танысынан 400.000 тг ақшаны қолма-қол алып кеткен. Келем деген уәделі уақытында келмей, телефон қоңырауларына жауап бермегеннен кейін, өздерінің алданғанын түсініп полицияға арызданады.

Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел уәкілдері алдымен қылмысқа күдікті 1985 ж.т.азаматтың жеке басын анықтады. Тексеру кезінде, оның өзіне тиісті емес, біреудің мүліктерін сатпақшы болғаны да белгілі болды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабы алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланды. Жақында полицейлер 2 жылдан бері бой тасалап қашып жүрген Атырау тұрғыны көршілес БҚО Орал қаласынан анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button