АТЫРАУДА

АТЫРАУЛЫҚ ЭКО-БЕЛСЕНДІЛЕР МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯҒА ӘСЕРІН ТЕКСЕРДІ (ВИДЕО)

Атырау  мұнай өңдеу зауытына  қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ш.Ізтелеуова және ҚР ЭГЖ ТР министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Атырау облысы бойынша экология департаментінің басшысы  А. Бекмұхаметов келді.

Сапар барысында экологтар мен қоғам белсенділері механикалық және биологиялық тазарту қондырғыларына барып, «Tazalyq» жобасының түрлі аспектілерімен танысты. Жиында  айтылған  ақпарат бойынша, механикалық тазарту құрылыстары қайта жаңарту бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары 90% орындалып, сонымен қатар «Мемсараптама» РМК-дан оң сараптамалық қорытынды алынған. Биологиялық тазарту құрылыстарын қайта құру бойынша инженерлік ізденістер жүргізілді. Булану алқаптарын рекультивациялау жобасы бойынша жобалау-іздестіру жұмыстары және сарқынды суларды бұрудың ашық каналының орнына құбыр салу 60% орындалған.

       «АМӨЗ қолданатын технологиялар ағынды сулардағы зиянды микроорганизмдердің құрамын барынша азайтуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында енгізілген ағынды суларды биотазарту жүйесі бірқатар көрсеткіштер бойынша Жайық өзенінен алынатын судың сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Болашақта биологиялық тазарту құрылыстарын қайта құрудың арқасында зауыттың булану алаңдарындағы төгінділер 50% – ға қысқарып, кәсіпорын тазартылған суды қайтадан өндірісте пайдалануға ниетті. TAZALYQ жобасының нәтижесінде АМӨЗ сарқынды сулары тазартылғаннан кейін нормативтік көрсеткіштерге ие болады, тазарту құрылыстарының ашық ыдыстарынан атмосфераға зиянды булану және 1945 жылдан бері қолданыста болған булану алқаптарынан қоршаған ортаға әсер ету тоқтатылады. Сонымен қоса тазартылған судың 70% ы өндірісте қайта пайдаланылатын болады«, – depti «АМӨЗ» ЖШС қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары.

Зауыт аумағын аралап болған соң белсенділер «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ш.Данбаймен кездесті. Кездесуде олар Атырау қаласының тұрғындарын алаңдатып отырған – өндіріс қызметінің нәтижесінде шығарындылар және осы жағымсыз әсерді барынша азайту жөніндегі экологиялық іс-шаралар туралы мәселені көтерді.

«АМӨЗ де қала тұрғындары да қызмет етеді, сол себептен де бұл мәселе бізді де алаңдатады. Tazalyq жобасы көптеген жылдар бойы жиналған мәселеден құтылуға көмектесетін бірден бір жоба, соның арқасында алдағы 4 жылда зауыт өндірістің экологияға әсерін толық қауіпсіздік деңгейіне жеткізуге тырысуда» ,- depti зауыт бас директоры Ш.Данбай.


Фото – видео: Асылбек Есжан

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button