АТЫРАУДА

ҚАРУ-ЖАРАҚ, ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ҚАРАСОРА ПЛАТНАЦИЯСЫ

Атырау облысы Құрманғазы ауданының ПБқызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде ауыл тұрғынынан құқық бұзушылықтың біреу емес бірнешеуін бірден анықтады, – depti Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

55-жастағы азаматтың мекен жайынан жалпы салмағы 900 гр болатын 43 орамға бөліп салған қара сора, сонымен қатар, заңсыз сақталған 16-калибрлі аңшы мылтығы, 50 дана оқ-дәрілер, 62 дана гильзалар табылды. Бұдан басқа, ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталып, 178 түп қара сора алынды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыс кодексінің екі бірдей баптарымен «Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіргені» және есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындап, кептіріп, үгітіп сақтағаны бойынша жүргізілуде.

Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482бабымен қаруды заңсыз сақтағаны бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button