АТЫРАУДА

Ертең Атырауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

ҚР Терроризмге қарсы Орталығының бастамасымен Атырау қаласында ертең терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өткізіледі.

Оқу-жаттығудың мақсаты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының терроризм актілерінің жолын кесу, олардың зардаптарын барынша азайту және жою жөніндегі қызметке дайындығын тексеру болып табылады.

Көрсетілген уақыт кезеңінде Атырау қаласының жекелеген аудандарында шектеу шаралары енгізіледі.

Осыған орай, Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Атырау облыстық жедел штабы тұрғындарды түсіністік танытуға шақырды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button