АТЫРАУДАСАРАПТАМА

Атырауда «Алаш және Тәуелсіздік» атты жаңа кітап жарық көрді (+ФОТО)

Кешегі сәрсенбіде «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы басшылығы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Алаш және Тәуелсіздік» атты кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.

      Шараны ашып, жүргізген партия төрағасы Ермекқали Юсупов өзі жетекшілік ететін партияның Алаш ұстанымын қазақтың ұлттық идеясы ретінде қарастыратынын жеткізді. Партияны Алаштың рухани ізбасары деп білетінін, экономика мен нақты өмірде Алаш қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын  насихаттайтындарын баса айтты.

img 70791
img 7058

     –      Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы өзін Алаш қозғалысының ізбасарларының бірі деп жариялаған болатын. Бұл тұжырым біздің партиямыздың Алаш қайраткерлерінің идеялық көзқарастарын, ұстанымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу мен тарату жөніндегі бағдарламасында, сайлауалды Тұғырнамамызда да, партияның өзге де құжаттарында көрініс тапқан.

     Біздің партия әркез Алаш мұратына адалдық танытып, Алашорда партиясының мол мұрасын зерттеу мен зерделеуге және оны жас ұраққа таратуға баса назар аударып келеді. Осы бағытта «Ақ жол» партиясы Алаш жөнінде арнайы бағдарлама қабылдап, оны іске асыруда көптеген жұмыстар атқаруда.

Түрлі ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, республикалық «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты  Жалпыұлттық байқауы жыл сайын  өткізіліп келеді. Бұл байқауда біздің Атырау облыстық филиалы да белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Алаштың 100 жылдығына арнайы «Алаш ізімен» атты экспедиция ұйымдастырылды. Атырау университеті және «Мәңгілік ел» ғылыми зерттеу орталығымен бірлесіп республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Міне, бүгінгі кітапқа осы конференция материалдары топтастырылды. Әрі, экспедиция сапарынан жазылған жолсапар есебі беріліп отыр.

Алаш тағылымы – мәңгілік мұра. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы іс-шараларымыз жалғаса береді. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіре отыра, Алаш тарихын бүгінгі ұрпақ жадына сіңіру жолындағы ізгілікті істеріңізге толағай табыс тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті, дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын! Жаңа кітаптың оқырманы көп болғай! – деді ол.

img 7015
img 7026

Айта кетейік, кітапты құрастырғандар – аталған партияның саяси кеңесшісі Әбілхан Төлеуішов, тарих ғылымдарының докторы, «Мәңгілік ел» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Аққали Ахмет, тарих ғылымының кандидаты, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Қылышбай Сүндетұлы және «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының аппарат жетекшісі Айсұлу Қондыбаева.

     Өз кезегінде университет ректоры Саламат Идрисов сөз алып, оң пікірін білдірді. Шара соңында су жаңа кітаптың бірнеше данасы университет кітапханасына табыс етілді.

img 7124

    

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button