АТЫРАУДА

Интимдік массаж жасаймыз деп бастары дауға қалды

Атырауда учаскелік полиция инспекторлары интимдік массаж қызметін көрсеткен 4 әйелді анықтады, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

– 5 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Сәтпаев көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінен уақытша  тіркеусіз пәтерді жалға алып, интимдік массаж қызметін көрсеткен Тараз, Орал және Түркістан қалаларынан келген 26, 29, 31, 44 жастағы төрт әйел азаматша анықтады. 

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабының 1 бөлігімен (сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсету) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына ескерту берілді.

Одан басқа, ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабының 1 бөлігімен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 10 209 теңге көлемінде айыппұл салынып, саусақ іздері алынды – дейді Атырау қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Биғамбаев.

Сонымен қатар, жалдамалы пәтердің заңдылығын тексеру мақсатында, жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button