АТЫРАУДАCOVID-19

Тағы 149 атыраулық коронавирус жұқтырды

Соның ішінде, Атырау қаласынан 101 науқас тіркеліп отыр, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміздей, 17 науқас Теңіз кенішінен анықталды. Аудандарда да инфекция жұқтырушылар саны артуда.

Бір тәулікте Жылыой ауданының 8, Қызылқоға ауданының 1, Индер ауданының 14, Құрманғазы ауданының 5, Махамбет ауданының 2, Мақат ауданының 1 тұрғынынан коронавирус анықталды.

68 науқаста инфекция тиісті симптомдармен өтуде.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button