Махамбет Досмұхамбетов: «Тартылған инвестициялардың жалпы көлемінің 30%-ға жуығы Атырау облысына тиесілі»

ch4a0586 1
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Биыл сәуір айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңестің күн тәртібінде негізгі тақырыптар өңірге инвестициялар тарту, халықты жұмыспен қамту, өңірдегі жолдар мен мектептерді жөндеу және салу болды.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, осы және басқа да маңызды әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу үшін іске асыру жоспары жасалып, орындалу мерзімі белгіленген.

«Атырау облысына инвестициялар тарту ауқымы республика бойынша инвестициялардың жалпы көлемінің шамамен 30%-ын құрайды», — деді М. Досмұхамбетов.

Жалпы, өңірде тікелей инвестициялар тартуға ерекше мән беріледі. Осылайша, облыс жоспарында 8,6 трлн теңге көлемінде қаржы салымын тарту көзделген. Қазіргі уақытта бірнеше инвестициялық жоба іске асырылуда, солардың ішінен геосинтетикалық материалдар өндірісі бойынша «Ультрастаб-Казахстан» жобасын атап көрсетуге болады. Сондай-ақ, әкім облыста жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалар мен қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатқан әлеуетті жобаларды атап өтті.

«KPI жобасынан басқа («Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС) сондай-ақ жылына шамамен 1,2 млн тонна полиэтилен өндіру бойынша «KLPE» ЖШС жобасы жоспарлануда. «Самұрық-Қазына» қоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК және “Сибур Холдинг” ресейлік компаниясы арасында белсенді келіссөз жүргізілуде. Біз бұл келіссөздердің сәтті аяқталуын, демек, Атырау облысында бірлескен жобаның жүзеге асырылуын күтіп отырмыз. Сондай-ақ, «Татнефть» компаниялар тобымен «Бутадиен» бутадиен каучук өндірісі жобасы бойынша келіссөз жүргізілуде», — деді өңір басшысы.

Сөзсіз, инвестициялар тарту мәселесі – бұл дамудың маңызды құрамдас бөлігі, ол экономикалық дамуға ғана емес, инфрақұрылымдық және әлеуметтік дамуға да өсім беруге мүмкіндік тудырады. Атап айтқанда, бұл жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жұмыспен қамту орталықтарына жұмысқа орналасу мәселелері бойынша 14 мыңнан астам адам жүгінді. Оның ішінде 12,5 мыңнан астамы жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 7,4 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Еңбек» бағдарламасы бойынша біз жыл сайын 12 мыңға жуық адамды жұмысқа орналастырамыз. Сондай-ақ, инвестициялық жобалар аясында біз алдағы төрт жылда шамамен 8 мың адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, биыл шамамен 16 мың адамды, келесі жылы 15 мыңға жуық адамды жұмыспен қамту күтілуде. Бұл жаңа өндірістерді дамыту есебінен орташа жылдық көрсеткіштен жоғары», — деп нақтылады М. Досмұхамбетов.

Бүгінгі күні 7 600 адам жұмысқа орналастырылды және 5 000-ға жуық адам қоғамдық жұмыстарды, жастар іс-тәжірибесін орындауға тартылды. Жұмыссыздық өткен жылғы деңгейінде – шамамен 4,9% деңгейінде қалды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған