Масалар коронавирус тасымалдай ма?

by Depti
2 views

Қазнет қолданушылары жазда маса шақса, COVID-19 жұқтыруға болады деп алаңдауда. Олардың пікірінше, жәндіктер инфекция тасымалдаушылар болып табылады. Бұл олай емес.

Қан сорғыш жәндіктер адамдарға COVID-19 жұқтыруы мүмкін деген теория дұрыс емес. Оны теріске шығаратын ақпарат Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ресми сайтында жарияланған.
– Қазіргі кезде SARS-CoV-2 вирусы масалардың шағуы арқылы берілуі мүмкін екендігі туралы ақпарат жоқ. Өзіңізді инфекциядан қорғау үшін жөтел немесе дене қызуы бар адамдардан алшақ жүріп, қол гигиенасы мен тыныс алу гигиенасы ережелерін сақтау керек, – делінген ұйымның сайтында.

Sars-CoV-2 вирусы ауа-тамшы жолдарымен беріледі. Ол сілекей мен ылғал бөлшектерімен, сондай-ақ мұрыннан аққан бөліністерде болады. Жәндіктер бұл аурудың қоздырғышы емес.

“Stopfake.kz”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com