АТЫРАУДА

МЕМҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҮШІН ТҮРМЕДЕ ЕСТЕН КЕТПЕЙТІН «ЕСКЕРТУ» ЭКСКУРСИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Атырау облысы Сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықты алдын алу мақсатында мемлекеттік қызметкерлерге түрме өмірін көрсету үшін қылмыстық атқару жүйесінің УГ-157/1 мекемесінде ескерту-экскурсиясы өтті.

whatsapp image 2020 02 11 at 18.16.40 1

 «Бүгін біз жергілікті атқарушы органдардың басшыларына сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен парақорлықтың неге алып келетінін көрсеткіміз келеді. Айталық, тергеуде отырған бұрынғы әріптестеріне бару арқылы «ескерту» экскурсиясын жасадық. Мұндай экскурсиялар ұмытылмас әсер қалдырады және жемқорлық туралы қандай да бір ойдан айнытынына сенеміз» – depti – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша Департаменттің Алдын-алу және парасаттылық басқармасының басшысы Жәнібек Қаражанов.

whatsapp image 2020 02 11 at 18.16.39 1

Ескерту-экскурсиясының  денсаулық сақтау саласы басшыларынан басталуы бекер емес. Себебі денсаулық сақтау басқармасында жемқорлық өршімесе де, заң бұзушылықтар аз емес. Сала басшыларынан қатысуы керек 20 адамның 14-і ғана қатысты.

Автор: Әйгерім Талғатқызы

Фото: Боранов Арсен

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button