АТЫРАУДА

АТЫРАУДА МАС КҮЙІНДЕ КӨЛІК АЙДАҒАН ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Тәртіп бұзушы әйел ақпанның 2 күні түс ауа Алмагүл мөлтек ауданының тұсында «Kia Rio»маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып келе жатып ұсталды.

Оның ішімдік ішкендігін медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелдеді.

«Сот отырысында құқық бұзушы өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін толық мойындады. Оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылды», –  depti Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметкерлері.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button