АТЫРАУДА

Өткен жылы 10 мыңға жуық адамға әкімшілік жаза тағайындалды

Бұл туралы Атырау облыстық сайтының баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы статистикалық есеп бойынша 2019 жылдың 12 айында сот өндірісіне 10089 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер түскен. Оның ішінде 9824 әкімшілік іс қаралған.

Атап айтсақ:

– 120 (2018 жылдың 12 айында 149) ескерту түрінде,

– 6452 (2018 жылдың 12 айында 5595-не) айыппұл,

– 828 (2018 жылдың 12 айында 1096) адамға қамауға алу түрінде,

– 1413 (2018 жылдың 12 айында 1195-не) адамға арнайы көлік жүргізу құқығынан айыру.

– 2019 жылдың 12 айында Қазақстан Республикасы шегінен шығарып жіберу түріндегі 130 (2018 жылдың 12 айында 298-не) жазалар тағайындалған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button