АТЫРАУДА

«Қамқор жүрек» қорына көмек керек

Атырауда иесіз иттерді аулауға бұған дейін 27 миллион теңге бөлініп келсе, биыл ол сома 42 миллионға жетті. Мәселе мұнымен шешілмейтіні анық. Мұны жергілікті билік те анық біледі. Қаңғыбас иттерді жоюдан бөлек, бағатын орын салмақ. Ол үшін арнайы жер бөлген. Бірақ еріктілер қаржының жоқтығынан жұмыстарын бастай алмай отыр. «Қамқор жүрек» қоғамдық қорының қызметкерлері қолда бар ит-мысықтарды асырау күннен-күнге қиындап бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Ал уақытша жалға алған алаңның иесі күн сайын ақысын талап етеді екен

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button