Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз – қызметінің хабарлауынша, бес топқа жататын пациенттер коронавирус инфекциясына анализді тегін тапсыра алады.
Бірінші топ: жүкті әйелдер;
Екінші топ: жоспарлы ем алатын науқас тәулік бойы ем қабылдайтын жағдайда;
Үшінші топ: квота арқылы ем қабылдар алдында;
Төртінші топ: короновирус симптомдары бар науқастар;
Бесінші топ: онкологиялық ауруы бар науқастар;
Айта кетейік, емханаларда күндізгі стационарда ем қабылдаушыларға коронавирус инфекциясына анализ тапсыру міндетті емес.