АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕК БАРЛЫҒЫ БІРДЕЙ БЕРІЛМЕЙДІ

Короновирустың симптомды түрімен ауырған науқастарға ғана тегін дәрілер мен дәрумендер беріледі, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

№3 Атырау қалалық емханасының бас дәрігерінің орынбасары Клара Жасақбаеваның айтуынша, емхананың үйге барып қызмет көрсететін күндізгі стационар қызметі арқылы короновирустың симптомды түрімен ауырып жатқан науқастарға дәрі мен дәрумендер жеткізіледі.

«Оның ішінде антибиотиктер, «С» дәрумендері бар. Ал, короновирустың симптомсыз түрімен ауырғандарға дәрі берілмейді, олар дәрігер бақылауында болады. Емханаға бұрын күніне 50-60 адам короновируспен тіркелген болса, соңғы тәулікте 18 адамды құрады»- дейді Клара Жасақбаева.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button