АТЫРАУДА

«АТЫРАУ-АҚПАРАТ» МЕДИАХОЛДИНГІНДЕ ЖАҢА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАР

«Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының шығармашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары болып Серік Қабдолов тағайындалды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Жаңа орынбасарды  ұжымға «Атырау-Ақпарат» басшысы Ысқақ Егембердиев  таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.
Серік Балтабайұлы 1972 жылы туған. Білімі – жоғары.  Еңбек жолын  1993 жылы «Атырау» телерадиокомпаниясында оператор, тілші болып бастаған. 1997-2020 жылдары аралығында шолушы,  меншікті тілші, продюсер, Атырау қаласы  әкімінің баспасөз хатшысы, бас редактор, бөлім басшысы сияқты түрлі лауазымда еңбек еткен. 2020 жылдан бүгінге дейін  Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің басшысы қызметін атқарған.

Айта кетейік, осыған дейін «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының бірінші орынбасары болып Рауан Сәбитұлының тағйындалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button