ЖОҒАЛҒАН ҰЛЫНЫҢ ТАБЫЛҒАНЫНА ҚУАНҒАН АНА ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

by Depti
0 views

Атырау облысы Махамбет аудандық Полиция бөлімінің “102” операторына аудан тұрғынынан, түн ішінде үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған азамат туралы хабарлама түскен.

Аудан полицейлері жоғалған 39 жастағы азамат туралы мәліметтер жинақтау барысында, оның жүйке жүйесінің зақым алуынан психикалық ауытқуы бар екенін, бұған дейін де кетіп қалатын әдеті барын, бірақ, үйге өзі келетіні туралы ақпараттарды білді.

Жан-жақты іздестіру жұмыстары нәтижесінде полиция қызметкерлері жоғалған азаматты ауданның Бақсай ауылдық огругіне қарасты шаруашылық далалығынан тауып, анасына тапсырды.
Ұлының аман табылғанына қуанған азаматша аудан полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com