АТЫРАУДА

ТЕҢІЗ КЕНІШІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАН ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ САҚТАЛАДЫ МА?

 «ТШО» және өзге де мердігер мекемелердің қызметкерлерін  Теңіз кен орнынан шығару жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінге дейін 18,5 мыңнан астам аса маңызды емес жұмысшылар Теңіз кенішінен уақытша шығарылды. Бұл туралы ӨКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында  «Теңізшевройл» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.

– Төтенше жағдайдың орын алуына байланысты вахталық тәсілмен еңбек ететін қызметкерлердің коронавирусқа қатысты жұмысқа шыға алмағанына қарамастан, жалақылары толық сақталады. Ал, кен орнындағы вахталық мерзімі уақытынан асқан жұмысшылардың жалақысына  1,5 коэффициент  қосылады, – деп атап өтті Рзабек Артығалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button