АТЫРАУДАСАРАПТАМА

БОТТАР АДАМДАРДЫ АЛМАСТЫРА АЛА МА?

  Біздің әлем қарқынды дамып жатқандығына таласымыз жоқ. Бірақ адамдардың өзі ойлап тапқан өнертабыстарының мүмкіншілігі қаншалықты жоғары? Дәл қазіргі уақытта тұрмыс-тіршілігімізге еніп кеткен боттар жөнінде және олардың қабілеті жұмысшыларды қаншалықты алмастыра алатындығы жайында сөз қозғасақ.

Мысалға: Америка Құрама штаттарындағы ірі басылымдардың бірі The Washington Post -ты алар болсақ газет дайындау ісінде жасанды интеллекттің көмегіне жүгінушілердің бірі. Цифрлық бөлімнің бастығы Джереми Гилберттің айтуынша журналисттердің алаңдауына негіз жоқ. Себебі боттың фантазиясы адамдар секілді логикалық тізбек құру, сараптау, теңеулермен сипаттау сынды қабілеттерге ие емес. Десе де оның жеделділігі қателіктер жіберудегі төмен ықтималдылығы бойынша журналисттерді қызықсыз жедел ақпаратардан босата алады. Яғни ендігі кезекте журналисттің шығармашылық қасиеті басты орында болмақ. Сонымен қатар адвокаттар да бірқатар өзінің функциясын боттар арқылы жеңілдете алады. Бұл дегеніміз гуманистік  шиеленісті  істерден өзгесіне бот шешім шығара алатындығын көрсетеді.

Қазіргі таңда көбіміз қолданатын Google аудармасы  жыл сайын өзін дамытып отыруының  арқасында алдағы уақытта көптеген аудармашыларды алмастыра алады. Дей тұрғанмен бұл әдеби тілдегі күрделі аудармаларға қатысты еместігін ескергеніміз жөн. Көше бойындағы терминалдар, супермаркеттер, сауда автоматтарын ескере отырып, ендігіде адамзат баласының іске бақылаушы болатынын немесе шығармашылық тұрғыда дамитындығын көреміз. Жасанды интеллект, боттар жайында айтатын білімді тұлғалардың беретін болжам,  ақпаратында көп жағдайда түбі бізді өзіміз жасаған туындылар алмастырады деген сарын бар. Жоқ, әсте олай емес, олар бізді бірсарынды қызықсыз қызметтерден арылтып шығармашылық еркіндікке жеткізеді.

                               Жарқынай Қанатова

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Журналистика мамандығының 4 курс студенті

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button