АТЫРАУДА

ҮКІМ ШЫҚТЫ: ҚҰРМАНҒАЗЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЙЫППҰЛМЕН ҚҰТЫЛДЫ

 «AntikorNEWS» шығарылымының тікелей эфирі барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов Агенттікпен аяқталған қылмыстық істер бойынша айыптау үкімдерін мәлімдеді.

2020 жылғы 3 шілдеде Атырау облысының Құрманғазы аудандық соты қызмет бабын асыра пайдаланғаны, кәсіпкерлікке заңсыз қатысқаны және алаяқтық әрекеттері үшін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары У.С. Тәжібаев мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айырумен 2 миллион 750 мың теңге айыппұлға сотталды.
Сонымен, Тәжібаев нәтижесінде өндірістік кооперативтердің біріне 500 мың теңге сомасында залал келтірілген қызмет бабын асыра пайдалануда күдіктелген.
Сонымен бірге, Тәжібаев туыстарына тіркелген жеке шаруашылық серіктестіктер мен жеке кәсіпкерлікті басқаруға қатысып, оларға жеңілдіктер қарастырған.
Сонымен қатар, Тәжібаев «Балықшылар күніне» арналған іс-шара өткізу сылтауымен ЖШС құрылтайшысының 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын алаяқтық жолмен иемденген.
Сондай-ақ, облыстың аз қамтылған азаматтарына медициналық қорғаныс бетперделерін сатып алуға қаржылай көмек көрсету сылтауымен Тәжібаев кәсіпкерлердің жалпы сомасы 125 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп, оны әрі қарай өзінің қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button