АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА

Облыста жыл басынан бері 504 адам әскерге жөнелтілген, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл облыстан әскерге жіберілуге жүктелген азаматтардың жалпы саны – 669 адам. Қазіргі уақытта оның 504-і азаматтық борышын өтеуге аттанған.

  • Жастарды әсіресе, ер азаматтарды отансүйгіштікке тәрбиелеп, олардың болмыс-бітіміне батылдық пен жауапкершілік сезімін сіңдіре білу – өте маңызды. Осы орайда өңіріміздің азаматтарын мерзімді әскери қатарына шақыру жұмыстары маңызды рөл атқарады, – depti Айдос Аманғалиев.

Сондай-ақ, әскерге шақырушылар оқу орындарын аяқтамай әскер қатарына жіберілмейді. Тек азаматтар өз еркілерімен оқу мерзімдерін уақытша тоқтатып, әскери қызметке шақырту ала алады.

  • Бүгінде әскер қатарына шақыруға орта, арнаулы орта және жоғары білімі бар азаматтар шақырылуда. Өйткені, физикалық дайындық пен моральді-психологиялық дайындықтан бөлек, білім де әскер үшін өте маңызды. Бұл ретте әр сарбаз әмкери тапсырманы уақытылы, сапалы әрі нақты орындауы тиіс, – деп қорытындылады облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Айдос Аманғалиев.
fcdb1b5b c9cc 4cee b7d7 24e69ac5c6ad

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button