АТЫРАУДА

ҰЛТТЫҚ БАНК АЙНАЛЫМДАҒЫ ЖАЛҒАН АҚШАҒА ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Инстаграм желісінде  2012 жылы айналымға берілген 2000 және  500,1000 теңгелік ақшаның жалған деп жар салған бейнежазбалар тарап кетті. Бұл банкноттардың жалған иә жалған еместігін анықтау үшін Атырау облысы «Ұлттық банк» РММ-нің филиалы мамандарына жүгіндік.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі, ұлттық валютаның банкноттары мен тиындарының Тұжырымдамасына сәйкес, қазақстандық теңгенің банкноттарында Ұлттық банк төрағасының қолы болуы талабы 2016 жылдан бастап алынып тасталғанын еске салады. Қазіргі кезде номиналы 500, 2000, 1000 и 5000 теңгелік Ұлттық банк төрағасының қолы бар ақша да, қолы жоқ ақша да айналымда жүр. Бұл банкноттардың екі түрі де заңды төлем жасау құралы болып табылады және төлемдердің барлық түрлері бойынша қабылдануға міндетті» – depti Атырау облысы Ұлттық «банк» РММ  филиалының қолма-қол ақшамен жұмыс жасау бөлімінің  бас маманы Әйгерім Бисенғалиева.

aқsh

Өзгеріс 2016 жылы енгізілсе, 2012 жылы шығып кеткен  банкноттарда қалайша қол қойылмаған деген сұрақ туындайды. Жауап берсек, қолы қойылған банкноттар бірінші тиражбен шықса, кейінгілерінде  «Ұлттық банк» басшысының қолы қойылмаған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button