ӘлемдеСАРАПТАМА

ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫ ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Желтоқсан айында топтық кезеңі мәресіне жеткен Чемпиондар Лигасының ойындары бүгіннен бастап қайта жалғасын табады. Плей-офф кезеңінің шымылдығы Атлетико (Испания) – Ливерпуль (Англия) және Боруссия Дортмунд (Германия) – ПСЖ (Франция) футбол клубтарының арасындағы кездесулермен ашылады.

1/8 ойындарындағы тартысты бәсекелердің қатарына англиялық Челси мен германиялық Бавария және испаниялық Реал Мадрид пен англиялық Манчестер Сити командаларының арасындағы шайқастарды айтуға болады. Әсіресе, алдағы екі жылдықта аталған турнирден шеттетілген манчестерлік клуб үшін биылғы доданың құны жоғары.

Айта кетейік, 2019-2020 жылдардағы Чемпиондар Лигасының ақтық кездесуі 30-ыншы мамырда Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

c335c8a70d80719791049d0d0641d066
1/8 финал ойындарының барлық жұптары

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button