Шоу-бизнесте арнайы музыкалық білімі жоқ әншілер көп.
Хит әнші Айқын Төлепберген Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінің инженер-полиграфшы мамандығы бойынша білім алған. Әншіге ол аздық етті ме, әйтеуір, кейін ол Тұран университетінің экономика мамандығы бойынша диплом алыпты. Соған қарамастан Айқын музыкалық байқауларға қатысып жүрді. 2002 жылы ол елімізде алғаш рет ұйымдастырылған «SurepStar KZ» жобасына қытысып, жұлдызы жанды. Осы жобадан кейін әншінің өнер жолындағы мәнсабын бастап кеткені мәлім.
Ал әнші, актриса, тележүргізуші Аша Матай болса дипломы бойынша заңгер. Ол Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің халықаралық құқық факультетін қызыл дипломмен бітірген. Аша заңгерлікті оқып алғаны болмаса, бұл салада мүлдем жұмыс істеп көрмеген. Бала кезден ән салып жүрген Матай өз орнын өнерден тапты. Қазір Аша әншілікті қойып, тележүргізуші болып жүр.
Жақында отбасын құрған әнші Мақпал Исабекова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде экономика мамандығы бойынша білім алған. Өнерге бала кезден жақын болып өскен Мақпал 2002 жылы «SuperStar KZ» музыкалық байқауына қатысып, өнерін шыңдайды. Ал 2009 жылы музыкалық білім алу үшін Мәскеудегі ГИТИС-ке оқуға түседі. Сөйтіп оны сәтті аяқтаға.
Жұлдызды жұп Бүркіт пен Аишаның да музыкалық білімі жоқ. Бүркіттің негізгі мамандығы заңгер. Кейін ол құрылыс инженері мамандығы бойынша білім алыпты. Халық әндерін нақышына келтіріп орындайтын әнші екі бірдей мамандығын өнерге айырбастайды. Ал Аиша — дизайнер.