АТЫРАУДА

Жасөспірімдер әлеуметтік кәсіпкерлік пен еріктілікке оқытылды

«Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен жүзеге асыра бастаған «BilimAl» жобасын жүзеге асыруда. Жоба аясында Атырау қаласындағы және облысқа қарасты Махамбет, Құрманғазы, Мақат, Исатай аудандарындағы балалар және жасөспірімдермен, жастармен  кездесулер өткізіліп, бейресми білім беру форматында әлеуметтік кәсіпкерлік волонтерлік қызмет тақырыбында түсінік берілді.

«Инклюзия Болашақ Атырау» қоғамдық бірлестігі жүзеге асыратын «BilimАL» жобасы – балалар мен жасөспірімдердің мүдделері мен қажеттіліктерін анықтау арқылы кәсіби еңбекке оқыту және кәсіптік бағдар беру, кәсіби дағдыларын дамытуға бағытталады. Жобаның мақсаты – Атырау облысы мен Атырау қаласы бойынша 300-ге тарта балалар және жасөспірімдерге тренинг өткізе отырып, әлеуметтік кәсіпкерлік, волонтерлік қызмет туралы түсініктерін қалыптастыру, жасөспірімдерді тренинг арқылы дамыту.

Жоба аясында Атырау қаласында және облысқа қарасты Махамбет, Мақат, Құрманғазы, Исатай аудандарында, Жалғансай, Аққыстау ауылдық елді мекендерінде, Доссор кентінде жастармен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында әлеуметтік кәсіпкерлік, волонтерлік қызмет тақырыптарында тренингтер ұйымдастырылды. Көпшілік алдында сөйлеу, кәсіпке баулу, жоба қорғау, питчинг, презентация жасау дағдылары үйретілді.

Ауыл, аймақтағы, қаладағы осал топтан, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдерді бейресми оқыту форматында тренингтер арқылы дамыту жұмыстары жүргізілді. Балалар мен жасөспірімдердің волонтерлікке қызығушылықтарын арттырып, тың идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетілді. Тренингтер барысында жастарға және жасөспірімдерге елге танымал әлеуметтік кәсіпкерлер жайында кейстер көрсетіліп, волонтерлік қызмет түрлері, волонтерліктің мәні ашық айтылды.

Жобаны қорытындылау мақсатында жастар мен жасөспірімдер арасында «Үздік әлеуметтік идеялар» байқауы өткізілді. Байқауға қатысқан қатысушылар әлеуметтік идеяларын презентация күйінде әзірлеп, әділ қазылар алқасы алдында қорғап шықты. Қатысушылардың жобалары өте қызықты, әлеуметтік маңызы өте зор. Қатысушылардың көпшілік алдында сөйлеуі, жобалардың қорғауы, презентация жасаудағы шеберліктері басты назарға алынды. Жеңімпаздар 100 000 теңге, 30 000 теңге, 20 000 теңге сертификаттармен марапатталды.

«BilimAl» жобасы аясында ұйымдастырылған кезекті «Үздік әлеуметтік идеялар, жобалар» конкурсында үздік 3 жоба анықталып, қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Атап айтар болсақ:

1 орын Құндыз Киікбаева Русланқызы, Махамбет ауданы, Жалғансай ауылдық елді мекен тұрғыны – 100 000 теңге қаржылай сертификат иегері атанды.

2 орын Нұрлыбек Шаххризада Асхатқызы, Атырау қаласы, Көкарна ауылы тұрғыны – 30 000 теңге қаржылай сертификат жеңіп алды.

3 орын Сағидоллаева Мансия Сағидоллақызы, Атырау қаласы тұрғыны  20 000 теңге қаржылай сертификатпен марапатталды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button