«Дина» базарында болған жағдайға дәрігерлер түсінік берді

img 20210715 105132
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Дәрігерлер Атыраудағы «Дина» базарында болған жайтқа түсінік беріп, жігіттің жағдайы туралы айтты.

22 жастағы жігіттің денсаулығы вакцинацияға қатысы жоқ, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

«Дина» базарындағы егу пунктіндегі медицина қызметкерлерінің ақпараты бойынша, 2021 жылғы 14 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де
1998 жылы туған Өзбекстан азаматы «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алды. I компонентпен азамат 2021жылдың 16 маусымында егілген. Содан кейін, жігітте кері әсерлер мен асқынулар тіркелген жоқ.

Алайда, вакцинаны алғанға дейін, кезекте тұрып, шетелдік азамат медицина қызметкерлеріне дөрекілік танытқан. Және вакцинаның жанама әсері туралы арандату мақсатында бейнежазба түсіремін деп қорқытты. Демалыс бөлмесінде 30 минуттай уақыт болып, үйге жіберілді, – деді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.30-да «Дина» базарынан жедел жәрдем қызметіне қоңырау келіп түсті, онда диспетчерге вакцинациядан кейін адам ауырып, құрысу белгілері байқалатыны туралы хабарланды.

  • Жедел жәрдем үш сағат бұрын вакцина алған және дәрігерлерге дөрекілік танытқан Өзбекстан азаматына шақырылғаны белгілі болды. Жігіт Атырау қаласындағы облыстық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізіліп, 30 минуттан кейін үйіне жіберілді, себебі жағдайы тұрақты және ауруханаға жатқызуға көрсеткіштер болған жоқ, – деп нақтылады дәрігерлер.

Жоғарыда айтылған жайтқа байланысты Атырау қаласының тұрғындарынан арандатушылыққа ден қоймай, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған