АТЫРАУДА

Жылойда жұмыссыздар саны азайды

Жылыой ауданы жұмыспен қамту орталығында 1 845 жұмыссыз тіркеліп, оның 1 418-і жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Жылыой ауданының әкімі Хәлел Жамалов мәлімдеді.

  • «Еңбек» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 18 адам, жастар тәжірибесіне 32 жас маман тәжірибе жинақтауға және ақылы қоғамдық жұмысқа 186 адам тартылды. Жұмыссыздық мәселесін азайту бағытында жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Теңіз кенішінде орналасқан мекемелерде 5 рет жиын өткізілді. Жыл басынан бері 3 рет «Бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 72 адам қатысып, 25-і тұрақты жұмыспен қамтылды, – деді аудан әкімі.

Аудан әкімінің мәлімдеуінше, алдағы уақытта жұмыссыздық мәселесін азайту бағытында аталған жұмыстар өз жалғасын табады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button