COVID-19Әлемде

«Ковидтен де қауіпті вирус пайда болады…»

Ерте ме, кеш пе адамзат жаңа пандемиямен бетпе-бет келеді, ол қазіргіден қауіптірек болады, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.

«Бұл вирусқа қарағанда едәуір жұқпалы және өлім-жітімді көбейтетін тағы бір вирус пайда болады», – деді ол ДДСҰ-ның 74-сессиясының ашылуында.

Ұйым басшысының пікірінше, вирустармен күрес мемлекеттердің бәсекеге түспей, керісінше бір-бірімен ынтымақтастықта болуы керектігін көрсетіп отыр.  

«Шындығында, біздің алдымызда таңдау тұр: бірлесіп әрекет етеміз немесе қорғансыз болып қаламыз», – деп аяқтады Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы 24 мамырдан 1 маусымға дейін виртуалды форматта өтеді. Оның басты тақырыбы –  COVID-19 пандемиясына қарсы күрес және денсаулық сақтау саласындағы жаңа жаһандық төтенше жағдайлардың алдын алу. Ассамблея жұмысына бүкіл әлемнен делегациялар қатысып жатыр.

«Спутник Қазақстан»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button