Алабай зейнеткер мен оның күшігін талап тастай жаздады… (+ВИДЕО)

izobrazhenie 2021 04 11 224013
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Полицейлер Нұр-Сұлтанда 71 жастағы әйел мен оның қасына ерткен күшігіне тап берген иттің иесін іздестіруде, деп хабарлайды «Спутник Қазақстан» Елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеп.

Бұдан бұрын желіде иттің күшікке тап берген сәті түсірілген видео тарады. Полиция алабайды бейнебақылау камераларының көмегімен тапты.

«Қазір алабай аса қауіпті құтыру ауруының бар-жоғын анықтау үшін ветеринариялық бақылауға алынды», – делінген хабарламада.

Зардап шеккен әйел медициналық мекемеде профилактикалық екпе алуда, оның күшігі ветеринарлық клиникада емделуде.

Полиция департаментінің қызметкерлері алабайдың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.