Әлемде

Ресейдің халық әртісі көз жұмды…

Ресейдің халық әртісі, режиссер Эмиль Верник сенбі күні 97 жасқа қараған шағында жүрегі тоқтап көз жұмды, деп жазды РИА Новости.

Оның ұлы Игорь Верник әкесінің соңғы деміне дейін өзі жүріп жүргенін айтты.

«Ол он күн бұрын көлік жүргізді, ауылдың айналасын араладық, көлік рөліне өзі отырған болатын. Соңғы кездері ол өзін жаман сезініп жүрді, бүгін жүрегі тоқтап қалды», – деді ол.  

Эмиль Верник – Ресейдің халық әртісі, бүкілодақтық радионың әдеби-драмалық хабарларының бас режиссері болды. Верниктің басшылығымен 200-ден астам радиоспектакль қойылды, ол сонымен бірге Мәскеу көркем театры мектеп-студиясының доценті болды.

Эмиль Верник шығармашылық династияның негізін салды. Оның ұлы Игорь – актер және тележүргізуші, Вадим – тележүргізуші және телебағдарламалар авторы, сонымен қатар Чехов атындағы Мәскеу көркем театры көркемдік жетекшісінің орынбасары. Немересі Григорий (Игорьдің ұлы) – Мәскеу көркем театр мектеп-студиясының студенті, «Ас үй» және «Need хелп» жобаларына қатысуымен танымал.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button