COVID-19АТЫРАУДА

Атырауда қоғамдық тамақтану орындары карантин талаптарын бұзуда

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлім еткендей, ағымдағы жылдың мамырында Атырау облысында 4307 нысанды мониторингпен қамтыған 966 рейдтік тексеру жүргізілді. Карантин талаптарын негізінен қоғамдық тамақтану нысандары бұзады, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мәселен, 920 қоғамдық тамақтану орнында жұмыс істеу, бетперде кию, режимі, дезинфекциялық режим сақталмаған. Сондай-ақ, мұнда мерекелік жиындар өткізілген.

Мамыр айында барлығы 46 жауапты тұлғаға қатысты хаттама толтырылып, әкімшілік айыппұл салынды. Оның жалпы сомасы  5936095 теңгені құрады.

Коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуы бойынша түсіндіру, БАҚ арқылы жариялау жұмыстары жалғасуда.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button