COVID-19Қазақстанда

Coronavirus2020.kz сайтына 30 миллион теңге жұмсалған

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте министрден сайттың қаншалықты пайдалы екендігі туралы сұрады.

«Бұл инфекция пайда болғаннан бері біздің азаматтар мен оқырмандарға осы бағытта ақпарат алуға мүмкіндік беретін бір нақты ресурс қажет болды. Сондықтан сайт жұмыс істеді. Оған қосымша Telegram арнасы ашылды. Оған 240 мың адам жазылды. Бұл осы ресурстың өзектілігі мен танымалдылығын көрсетеді. Барлық ресурстар негізінен вирустық инфекциямен күресуге қатысты мәселелерді, мемлекет қабылдаған шаралар туралы толық ақпарат алу үшін ақпарат алғаны түсінікті. Бұл сайтты сүйемелдеуге шамамен 30 миллион теңге жұмсалды», — деп жауап берді Балаева.

Coronavirus.2020.kz сайты 2020 жылы Қазақстандағы коронавирусқа қатысты жағдайды баяндайтын ресми ресурс ретінде пайда болды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button