Бір тәулікте 535 атыраулық коронавирусқа қарсы екпе алды

by Depti
1 views

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

18 сәуірдегі мәлімет бойынша, Спутник V вакцинасының I компонентін 535 жергілікті тұрғын алды.

1 ақпан мен 18 сәуір аралығында «Спутник V» I компонентімен 14705 адам вакцинацияланды. II компонентпен 3291 адам егілді.

Естеріңізге сала кетейік, 3 сәуірде Атырау облысында халықты жаппай вакцинациялау басталды. Атырау облысының әрбір тұрғыны коронавирус инфекциясына қарсы өз еркімен екпе ала алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша емханаға өтінішпен бару қажет. 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа «Спутник V» вакцинасының 15 200 мың дозасы келіп түсті.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com