COVID-19АТЫРАУДА

COVID-19: Өткен тәулікте 93 атыраулық ауру жұқтырған

Өкінішке қарай, қауіпті инфекция  Атырау қаласының тұрғындары мен аудан халқы арасында да көптеп таралып отыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ауру жұқтырғандардың ішінде Атырау қаласынан 77 науқас анықталды. Скрининг нәтижесінде,  Теңіз кен орнынан 10 адамнан қауіпті індет табылды. 

Сондай-ақ, соңғы тәулікте Жылыой ауданының 3, Құрманғазы ауданының 1 және Махамбет ауданының 2 тұрғынында Covid-19 расталды.

Коронавирус инфекциясы бар 59 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. Өткен тәулікте облыста коронавирустан 30 адам сауығып шықты.

Қазіргі уақытта үй жағдайында 802 адам, модульдік ауруханада – 173 , облыстық аурухананың инфекциялық стационарында – 81, аудандық инфекциялық стационарларда – 113 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 131 адам емделуде.

Айта кетейік, Атырау облысы – коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button