Екпеден бас тартқандарға айыппұл салына ма?

by Depti
0 views

Telegram мессенджерінде қазақстандықтар бір-бірін COVID-19 қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін айыппұл салынатыны туралы ескертуде. Мұндай шаралар ағымдағы жылдың соңында қабылдана бастайды екен. “Стопфейк” ресми сайты мұны жоққа шығарды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация және одан бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат болып табылады, – деп хабарлады ведомстводан.

Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com