Министр неге вакцина салдырмайды?

by Depti
2 views

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны не себепті салдырмай жүргенін түсіндірді.

“Бүгінде биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеу институты негізінде алғашқы серияны шығарды. Біз клиникалық зерттеулер бойынша техникалық есептерді күтіп отырмыз. Ол құжаттарды сәуірдің соңында тапсырады”, – деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министр техникалық құжаттар дайын болғаннан кейін қазақстандық вакцинаны салдыруға дайын екенін жеткізді. Алайда отандық екпе әзірше өндірістік ауқымда шығарылмайды. Себебі зауыттың құрылысы аяқталмаған.

“Қазіргі кезде өндірісті іске қосу кестесі пысықталып жатыр. Жақын арада технологиялық желіні тапсырады. Сосын валидация бар. Жалпы, барлық процесті GMP стандартына дейін жеткізу керек. Сол кезде зауытты іске қосуға болады. Шамамен ол жыл соңында іске асады”, – деп атап өтті Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Алдымен індетті жұқтыру қаупі жоғары санатқа кіретін адамдар – медицина қызметкерлері, полицейлер және тағы басқа мамандарға салынды. Қазіргі кезде барлығына бірдей вакцина салу шаралары басталып жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды зауытында шығарылған “Спутник V” вакцинасын салдырды.

“Спутник Қазақстан”

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com