COVID-19Қазақстанда

Вакцина салдырғандар маска тақпай ма?

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға қоғамдық орындарда медициналық маскасыз жүруге бола ма деген сауалға жауап берді.

Әлеуметтік желіде вакцина салдырғанын айғақтайтын құжат көрсеткен жағдайда бетперде тақпай жүруге болатыны туралы ақпарат пайда болды.

«Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, барлық азамат вакцина салдырып-салдырмағанына қарамастан барлық талапты сақтауы қажет. Ол – бетперде тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау», – деді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев «Sputnik Қазақстан» тілшісіне.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ел азаматтарының 60%-і вакцина салдырған жағдайда маска режимін тоқтату мәселесін қарастыруға болатынын айтты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button