Қазақстанда

1 ҚЫРКҮЙЕККЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА НҮКТЕ ҚОЙЫЛДЫ

Қазақстанда оқушылар 1 қыркүйектен бастап бірінші тоқсанды қашықтан оқитын болды.

Үкімет отырысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов басты басымдық – балалар мен мұғалімдердің өмірі мен денсаулығы екенін жеткізді.

 «Осыған қарай келесі шешімдерді ұсынамын: біріншіден, шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептерді қоспағанда 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық мектебіндегі 1-11 сынып оқушылары үшін оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан оқыту форматында өткізу», – деді ол.

Өз кезегінде Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау мен Білім және ғылым, Цифрландыру министрліктері бойынша 1 қыркүйектен бастап орта мектептерде бірінші тоқсанды қашықтан оқыту форматында өткізуге дайын болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

«Қажет болған жағдайда бастауыш сынып оқушылары ата-аналарының жазбаша өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптардың қызметін қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді ол.

Ал, ЖОО мен колледж студенттері қашықтықтан білім алады. Білім алудың дәстүрлі форматы бойынша:

– Лобораториялық жұмыстарды орындау үшін, өндірістік білім алу және кәсіби тәжірибеден өту бойынша  әр студентке жеке график беріледі;

– Контингенті аз, шалғай мекендердегі колледж студенттері күшейтілген санитарлы талаптарды сақтай отырып білім алады.




Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button