Қазақстанда

42 500 ТЕҢГЕНІ КІМДЕР АЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин елімізде карантиннің ұзартылуына байланысты тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі көмекті нақты кімдер алатынын айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен шектеу шаралары кезінде табысынан айырылғандарға әлеуметтік жәрдемақыны ең төменгі жалақы мөлшерінде бір айға төлеу туралы шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантиннің күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі», – деді Мамин үкімет отырысында.  

Сондай-ақ, Асқар Мамин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тапсырма берді. «Еңбек министрлігіне төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдеріне және ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», – деді үкімет басшысы.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button