Қазақстанда кезекші сыныпта коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды, – depti Tengrinews.kz. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов растады.
Шығыс Қазақстан облысы Парыгино аулында екінші сынып оқушысынан COVID-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.
“14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы, Парыгино кентінде кезекші сынып оқушысынан коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы анықталды. Баланың анасы – мұғалім. Бірінші күні дене қызуы 37 градус болды, вирустың барлық белгісі болды. ПТР талдауы оң нәтиже берді”, – деді Кожахметов.
Бала үйде емделеді, жағдайы қанағаттанарлық. Онымен бірге 12 бала оқыған. Байланыста болған барлық адам тексеріледі.
Фото ашық дереккөзден алынды