НАН САТЫП АЛУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

by Журналист
0 views

Алматыда нан сатып алуға шектеу қойылды. Енді бір адамға бес наннан артық берілмейді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, нан сатуға шектеу “Ақсай” ХБК” компаниясының фирмалық дүкендерінде белгіленген. Мұндай тәжірибе бұған дейін де қолданылған, қала тұрғындарына алаңдайтын ештеңе жоқ екені айтылы.

“Мұндай шектеулер жиі болып тұрады, бұл әдеттегі тәжірибе. Бұл шаралар төмендетілген бөлшек бағадағы нан тапшылығын болдырмау үшін қабылданады. Біз азық-түлік бағасын белгілеп отырамыз. Алайда кейін нанды қымбатырақ бағамен қайта сату үшін таңертең барлығын алып кететін жағдайлар кездеседі. Содан соң тұрғындар қалада нан тапшы, бәрі қымбат деген пікірде болады. Алайда бұл олай емес, сондықтан осындай шектеулер енгіземіз”, – деді басқарма өкілі.

Шектеулер нан зауыт бағасымен сатылатын тек фирмалық дүкендерге қатысты. Қаланың басқа дүкендерінде мұндай шектеу жоқ.

“Жалпы, “Ақсай “ХБК” әлеуметтік нан өндірісі бұрынғы деңгейде қалады. Қала дүкендеріне өнім жеткізу көлемі азайған жоқ. Әкімдік пен “Ақсай” ХБК арасында жасалған шарт аясында зауыттың бір бөлке үшін бағасы – 75 теңге”, – деп толықтырды ведомстводағылар.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com