ЖАС КЕЛІНШЕК ПОЙЫЗДА БОСАНЫП ҚАЛДЫ

by Журналист
0 views

Сарыағаш-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша жүретін №85 жолаушылар пойызында қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз – Павлодар бағытындағы пойыздың жолаушысы Анастасия Гранкина Киік-Босага учаскесіне жақындаған кезде толғағы келгенін айтып жолсерікке жүгінеді.

Жақын станцияға жедел жәрдем шақырылды. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін пойыз бастығының міндетін атқарушы Алдияр Теңгешев пен штаб вагонының кезекшісі Зина Кунусбаева әйелге босану кезінде көмек көрсетті.

Ақадыр станциясына кіре берісте Амина деп есімді қыз дүниеге келді.

Пойыз станцияға келгенде жедел жәрдем қызметкерлері анасы мен жаңа туған нәрестені тексерді. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, анасы ауруханаға жатудан бас тартты және олар терминал станциясына қарай жолдарын жалғастырды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com